«Қазақтелеком» АҚ Қызметтерді жылжыту және тарифтер жөніндегі басқарушы директоры Руслан Берстембаев Эксперт-Казахстан журналына «Қазақтелеком» АҚ –ның жұмысы мен Қазақстанның байланыс операторларының тарифтік саясаты туралы әңгімелеп берді.

Руслан Құдайбергенұлы байланыс тарифін өзгерту саласындағы негізгі тенденциялар жайлы айтты.

Сұхбат барысында телекоммуникация нарығындағы бәсекелестік деңгейі туралы айта келіп, Руслан Берстембаев бүгінде Қазақстанның телекоммуникация нарығы барынша толыққандығын, елде 200 астам байланыс операторы тіркелгенін, оның 12-сі нарықтың 96% алып отырған ірі операторлар екенін жеткізді.

- Телекоммуникация нарығындағы қазіргі күнгі бәсекелестік деңгейін қалай бағалайсыз? Қандай сегменттегі бәсекелестікті анағұрлым өткір деуге болады?

- Бүгінде Қазақстанның телекоммуникация нарығы жоғары деңгейде толығуымен сипатталады. Тіркелген және ұялы байланыс шектік мәнге жетті. елде 200 астам байланыс операторы тіркелгенін, оның 12-сі нарықтың 96% алып отырған ірі операторлар. Осының бәрі нарықтың барлық сегментіндегі бәсекелестіктің жоғары екенін білдіреді.

Әдеуір көп бәсекелестік телефония қызметі нарығында байқалуда. Онда ұялы байланыстың 4 операторы дауыстық трафик үшін өзара ғана емес, сонымен қатар тіркелген байланыс және IP-телефония операторларымен де бәсекелесуде.

Қалыптасқан стереотипке қарамастан, Интернетке қолжетімділік нарығындағы бәсекелестік те өте өткір жағдайды. Егер бұрын Интернетке тіркелген және ұялы қолжетімділік жылдамдық пен баға параметрлерінің үлкен айырмашылығына орай өзара түйіспейтін және және олардың әрқайсысы үшін түрлі типтегі операторлар арасында жеке күрес жүретін болса, қазірде 3G және 4G технологияларының дамуымен байланысты телефония нарығына ұқсап барады.

Контент және қосымшалар нарығында 4 ірі оператор жұмыс істейді, оның ішінде "Қазақтелеком" АҚ-ы да бар. Біз жақында ғана (2009 жылдан бастап) кірген бұл сегмент жоғары толығуымен және провайдерлердің мол санымен ерекшеленеді. Ақылы ТА нарығында ірі операторлармен қатар әр өңірде жергілікті деңгейдегі өңірлік оператордар да жұмыс істейді.

 

- Бүгінгі күні телекоммуникациялық нарықтағы бәсекелестік күресінде әртүрлі байланыс қызмет түрлерінде бағаның рөлі қандай?

-Баға қашан да бәсекеге қабылеттіліктің ескермеуге болмайтын факторы болған және болып қала береді де. Сонымен қатар, ол жалғыз әрі шешуші фактор емес. Әрине, төмен бағаға басты назар аударатын оператор белгілі бір нарықтық үлеске қол жеткізуі де мүмкін. Алайда, бұл үлес ешқашан жоғары және жетекші бола алмайды. Оған қазақстандық нарықтан да мысал келтіруге болады. Қазақтелеком қызмет түрлерін бағалауды жаңғырту, олардың параметрлерін жақсарту және қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы ешқашан дискаунтер болған емес. Біз компанияның ұмтылушылығын ескере отырып, оған түсіністікпен қарайтын өз пайдаланушыларымызға өте разымыз. Бүгінде компанияның бәсекеге қабылеттігілігінің басты өлшемі – бұл кең ауқымды қызмет көрсету топтамасы, олардың техникалық сипаттамасын және қызмет көрстеу сапасын жақсарту.

 

- Бүгінгі тұтынушылар бағаға қаншалықты сезімтал? Баға бойынша сұраныстың икемділігі қандай?

- Біздің тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, баға икемділіг дәстүрлі түрде төмен дәрежеде, 0,4-тен 0,6-ға дейінге академиялық шеңберде тұр. Сондықтан да, операторлар бағаны өте ықылассыз түрде төмендетеді, ал бұл болса табыстың азаюына алып келетіндіктен, «баға соғысын» ашпауға тырысады.

Алайда, қалыптасқан ережеден тыс сәттіліктер де болып тұрады, яғни бағаны төмендету сандық қана емес сапалық өсімге, жаңы нарықтық сегментке шығуға немесе жаңа клиенттік сұранысты қалыптастыруға да алып келуі мүмкін.

Бөлшек сегменттегі осындай маркетингтің жаңашылдықтың екі мысалын келтіре кетейін. 2011-жылдың соңында компания мыс желілерде жоғары жылдамдықберетін Megaline-Turbo тарифтік жоспарын 25% төмендетіп, батыл қадам жасады. Аталған тарифтік жоспарды сатудың басты хиті ету арқылы біз жыл ішінде оның клиенттік базасын жиырмадан астам есе өсіре алдық, бұл тұтынушылардың ниеттестігін де, компанияның табысын да арттырды.

Жыл басынан бері біз нарықта өте қызықты Megaline-Super-Hit топтамасын жылжытуды бастадық, ол Интернетке лимитсіз қолжетімділікпен қатар, қазақстандық нөмірлерге лимитсіз қоңыру шалуға да мүмкіндік береді. Бұл маркетингтік белсенділік өте табысты болып шықты, жарты жыл ішінде компания бұл қызмет түріне 150 мыңнан астам абонентті қосты, ал бұл өз кезегінде компанияның табысын арттырып қана қоймай, дәстүрлі қалааралық байланыс қызметіне екінші тыныс та берді.

Айтпақшы, соңғы мысал топтамалық тариф жасам саясатын жақсы бейнелей алады, ол бүгінгі күні клиенттің түсіністігінде де, ARPU-ді де арттырудың тетігі ретіндегі басты құрал болып табылады. Біз топтамалардың сәтті желісін құра алдық, бұл тікелей баға бәсекелестігінен алшақтап қана қоймай, анағұрлым табысы жоғары клиенттердің сұраныстарын қанағаттандыруға да мүмкіндік береді.

Мысалы, компания үшін ең тартымды Turbo тарифтік жоспарын 4600 теңгеге сатып ала отырып, қосымша 300 теңгеге «Екі есе тиімді» топтамасын да сатып ала алады және сандық телевидение топтамасын немесе Қазақстан бойынша лимитсіз Super-Hit қоңыраулары топтамасын, келесі 300 теңгеге - iD-Phone топтамасын және т.б. ала алады.

 

Соңғы екі жылда тарифтерді өзгерту саласындағы қандай жаңа үрдістерді атар едіңіз?

- Қазіргі үрдіс сондай, бәсекелестік басымдықтарын күшейту мақсатында операторлардың көбісі өнім көрсеткіштері мен сервистік қызмет көрсетудің сапаларын жақсартуда. Барлық жұмыс нарықтағы жағдайларына байланысты жүргізілуде. Мысалы, «Қазақтелеком» екі бағыттағы қызметтерді дамытуда: абонент үшін тиімді тариф бойынша қызметтер топтамасын жасақтау және Интернетке қосылу көрсеткіштерін жақсарту.

Бұған дейін айтып өткендей, біз ТВ, SIP-телефония, лимитсіз қалааралық сөйлесу және басқа да қызметтер қоса көрсетілетін Интернет қызметтерінің біраз жиынтығын әзірледік. Мысалы, Megaline және iD-Net қызметтерінің абоненттері iD-TV немесе лимитсіз қалааралық сөйлесу қызметі қосылған жиынтықты 4 есе арзанға сатып ала алады. Бұл жаңалық нарықта сұранысқа жақсы ие және соңғы 2 жылда аталған жиынтықты тұтынушылардың үлесі бірнешеге өсті, ал 2013 жылдың соңына қарай олар Megaline мен iD-Net-тің барлық абоненттерінің тең жартысын құрайтын болады.

Екінші бағыт бойынша, Интернет желісіне қосылу қызметтері бойынша, соңғы екі жылда желілердің өткізу және аталған қызметтер бойынша трафик көлемін мүмкіндігін ұлғайтуға бағытталған бірқатар шаралар жүргізілді. Жеке тұлғалардың арасында ең танымал "MegalineHit" тарифтік жоспары бойынша 2012 жылдың басынан бері айлық тариф 10% арзандатылды, сондай-ақ Интернет желісінің сыртқы ресурстарына шығу жылдамдығы 2 есеге, 2 Мбит/секундтан 4 Мбит/секундқа ұлғайтылды және ай сайынғы төлемнің есебіне қосылған трафиктің көлемі екі есеге (30 Гбайттан 60Гбайтқа дейін) өсірілді.

Тағы бір айта кететін жайт, абоненттермен есептесу кезінде қолданылатын тарификация бірлігінің өлшемін қайта қарауға қатысты телефония қызметтері бойынша да іс-шаралар жүргізілді, осы жұмыстардың нәтижесінде тұтынушылардың телекоммуникациялық қызмет шығындары анағұрлым қысқартылды. Таратып айтар болсақ, 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап жергілікті, зонааралық және қалааралық телефон байланысы қызметтері бойынша тарификация өлшемі 10 секундтан 1 секундқа, халықаралық байланыстың тарифтік өлшемі 30 секундтан 10 секундқа өзгертілді. 2012 жылдың қазан айынан бастап тұтынушылардың барлық санаттары үшін қалааралық байланыс қызметтерінің екі аумақтық тарификациясына ауыстық.

- Қызмет құнының арзандауына орай рентабельділікті қажет деңгейде сақтап қалу үшін қандай шаралар қабылдау керек?

- Тарифтерді төмендету шараларымен қоса, «Қазақтелеком» қызметтердің жаңа түрлері мен қосымша сервистерді енгізу және дамыту жұмыстарын да жүргізуде.

 

- Нарықта қалу мақсатында тарифтерді арзандату қажеттілігі компанияның инвестициялық қызметін кідіртіп жатқан жоқ па?

- «Қазақтелекомның» инвестициялық жоспары компанияның Ұзақмерзімдік стратегиясы мен Даму жоспарының негізінде іске асырылуда. Қаржыландыру жұмыстары компанияның өз қаражаты ( өзі тапқан қаржы ресурстары) мен заемдық қаржының (банк несиелері) есебінен жүргізілуде.

 

- Ағымдағы жылы сіздер тарифтерді қайта теңгерімдеу жұмысын жүргіздіңіздер. Бұл шара не себепті жасалды?

- Қазіргі таңда «Қазақтелеком» жергілікті телефон байланысы қызметін өзіндік құннан да төмен тариф бойынша көрсетіп отыр. Осыған орай мемлекет тарифтерді әмбебап қызметтерге қайта теңгерімдеу, яғни оны өзіндік құнның деңгейіне жеткізу шараларын қабылдауда. Тарифтерді қайта теңгерімдеудің кезекті сатысында жеке тұлға санатындағы абонеттер үшін жергілікті телефон байланысының ай сайынғы абоненттік төлемін қалалық және ауылдық жерлерде 20% көтеру қарастырылған.

Тағы бір айта кететін жайт, жергілікті байланыс қызметтері бойынша абоненттік төлемді әрі қарай көтеру жоспарланып отырған жоқ.

 

- Сіздердің тарифтік саясаттарыңызға реттеуші органдардың әсерлері бар ма?

- «Қазақтелеком» компаниясының қызметі мемлекет тарапынан төрт бағытта реттеледі: табиғи монополия субъекті ретінде, әмбебап қызмет көрсетуші оператор ретінде, нарықтағы басым субъект ретінде және күш-қуат органдарына қызмет көрсететін субъект ретінде. Үлесі «Қазақтелеком» кірісінің 80% астамын құрайтын телекоммуникация қызметтерінің барлық негізгі түрі мемлекеттік реттелуге жатады. Бұл фактор, өкінішке оарй, жүргізіліп жатқан тарифтік саясаттың жеделдігі мен тиімділігін едеуір төмендетіп отыр.

- Тартымдылығы төмен нарықтарда да бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсету міндеті (мысалы, ауылдық жерлердегі телефон байланысы) компанияның тарифтік саясатына қалай әсер етіп отыр?

- «Қазақтелекомға» әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндеттердің жүктелуі компанияның дербес тарифтік саясатының жоқтығына себеп болып отыр. 2004 жылдан бері «Қазақтелеком» Әмбебап телекоммуникация қызметтерінің тізбесіне сәйкес республиканың барлық елді мекендерін әмбебап телекоммуникациялық қызметтермен қамтитын жалғыз оператор болып табылады. « Байланыс туралы» ҚР Заңына сәйкес, әмбебап телекоммуникация қызметтерінің тарифтерін Уәкілетті орган бекітеді.

 

- Бұл жағдай компания бизнесінің табысына қалай әсер етеді. Осындай табысы аз нарықтарда жұмыс істегеніне қарамастан, жақсы табыс көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін, акционерлердің үмітін ақтау үшін не істеп жатырсыздар?

- Әр шаңырақты телефон байланысымен қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік жауапкершіліктің «жүгі» Компанияның қызметіне әрине әсерін тигізеді. Бәсекеге қабілетті болу үшін қызметтерімізге инновацияларды енгізу қадамдарын жасап жатырмыз. Біз шығындарды қысқарту, абоненттерге жаңа қажетті сервистер көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар енгізу жұмыстары жүргізілуде. Осы шаралардың барлығы Компанияның табыстылығына оң әсерін тигізіп отыр.

 

- Алдағы уақытта қандай қызметтердің тарифтері өзгеруі мүмкін?

- Интернетке қосылу қызметінің және телефонияның кейбір қызметтерінің тарифі міндетті түрде өзгереді. Және біз тек тарифтерді төмендетіп қана қоймаймыз, сонымен бірге айлық абоненттік төлемді сақтай отырып, тұтынушыларға бұрынғыдан да тиімдірек қызметтер ұсынатын болады. Сонымен қатар, желінің өткізу қабілеті мен трафик көлемін ұлғайтуға қатысты жұмыстар жалғасын табады.

 
2 октября 2013, 17:11
1538

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания Казахтелеком

Сотрудники:

Поклонники (118):

Tengry
dev
Sabine
Supra0991
Khussainov
xhawk
nobody_cares
Daulet80
drugoi
Straschnik
Soulfriend
TIGERya
user100000129454446
usermail1425921656694928705
IgrokAza
uservk186727657
ntaskinbayev
Aijanm
yertayevna
GULI93
sboy
Jahar
Mr_Bean
Ramilkina
a-ha317
zhoze
Weter
elyamel
Danat
eBek
Inkantatem
uservk157906197
smerch
LifeProduction
divergent
janka_u
alexart
JozeRkz
aica_kz
uservk182189156
usermail16921355016841599519
shynar1991
Alisher26
Renovatio
ftw
Rake017
uservk8694940
cdima
Ashon5
kuttybayev
potrebitelkz
konurov
zausdn
ssimple
Khayman
uservk170818347
madenov
cofia07
mussatayeva
uservk22310521
Stalwart
71va
usermail1073870098154654075
karagandypalata
kazybek
Email
ashirkin
darya-daka
danik_akpan
tape
VitosRu
NaimanS
SKYFALL
yavolonterkz
in4
Vins
skynet2108
unihost
COR
nurzhausin
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
satel
askerkanov
kuatmus
FrozenKing
ComputerworldKZ
DaRoni
NETCONNECT
engine
BuzikTV
s8vx
uservk80676468
nurbekseller
yuliya1987
uservk224825977
irover
gnn3
uaz
it_journalist_sdu
szhumagulov
dadgsipk
SovetVeteranov
medinarebrova
msh
laila198750
usermail315370480712007854
BeYnekz
usermail4965683541042127324
ka1sar
Oryngul
Oskemen_Telecom
aldabergen
miraman
ingineer
mirasbek_76
AYACOM