«Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен онлайн-конференция

Қайырлы күн,  достар!  Жақында ғана «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің қатысуымен өткен  онлайн-конференция аяқталды. Біз Сіздердің назарларыңызға пайдаланушылар қойған ең қызықты сұрақтар мен Қуанышбек Есекеевтің оларға қайтарған жауабын ұсынамыз.

Сергей:

Қайырлы күн, Қуанышбек Бақытбекұлы! Мені мына сұрақ қызықтырады–қазіргі кезде iDNetқызметін тарату  қандай деңгейде. Мерзім бойынша және халқы 50 мыңнан асатын қалаларды 100% қамтудаілгерілеушілік бар ма? Алдын ала рахмет!

Қ.Е:

Сәлеметсіз ба, Сергей!  Қазір iD Net барлық облыс орталықтарында, Алматы мен  Астана қалаларында енгізілуде. Аталған қалалардағы барлық көппәтерлі үйлерді оптикамен келесі жылдың соңына дейін,   Екібастұз, Ақсу, Теміртау, Жезқазған, Жаңаөзен қалалароын 2015 жылдың соңына дейін  толық қамтуды жоспарлап отырмыз.

Qwerty

Қайырлы күн!  iDTV-де HD сапалы арналар қашан пайда болады?!

 

Қ.Е:

Қайырлы күн! HD контентті қосу 2014-жылға жоспарланған. Қазір құқық иеленушілермен жекелеген арналарды HD  демо-нұсқа ретінде  іске қосу туралы келіссөздер жүргізілуде.

Альфия

Сәлеметсіз бе. Мен 4G-ге қатысты сұрақ қойсам деп едім. Мұндай қызмет түрі Астана мен Алматыда бар екенін білем. Сұрайын дегенім:  бұл қызметті Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындарын қашен пайдаланады?  Рахмет.

Қ.Е:

Сәлеметсіз бе, Альфия!Жыл соңына дейін Атырау, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе қалаларында, сондай-ақ Астана мен Алматының серіктес-қалалары:  Қаскелең, Есік, Талғар, Бурабай және Щучьеде коммерциялық түрде іске қосылады. Шамамен,  2014-жылдың ішінде 4G  желісіне республиканың барлық облыс орталықтары  коммерциялық түрде қосылатын болады.

Ербол:

Қуанышбек, Сізге және Tengrinewsредакциясына тағы да қайырлы күн тілегім кеп отыр. Менің Сізге тағы бір сұрағым бар:  неге iDTV-дің еркін топтамасы жоқ? Мысалы, егер клиент өзі көретін белгілі бір арна санын өзі таңдап, тек сол үшін ғана ақы  төлейтін болса. Менің әкеме «Аңшылық және балықшылық» арнасы ұнайды, ол осы арнаны көру үшін  бүтіндей бір топтаманы сатып алуға мәжбүр.

Қ.Е:

Қайырлы күн,  Ербол! Міндетті және қосымша топтамалардағы арналардың саны контент-провайдерлермен жасалатын шарттарда алдын ала келісіледі.Әрі теле арналарды дербес қосу схемасы әзірге таралған жоқ, себебі ондай  жағдайда әрбір телеарнаның құны ондаған есе артып кетер еді.Құқықиеленішілердің шарты бойынша, оператор үшін бір телеарнаны дербес қосу әр абоненттен 500 теңге және одан да жоғары тұратын болады. Сонымен қоса, мұндай схеманы қолдануға барлық құқықиеленушілер түгелдей келісе бермейді. Алайда, біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз, және жағдай өзгереді деп үміттенеміз.

Нариман:

Сәлеметсіз бе. Менмегалайнды пайдаланамын. Сіздер оны біздің нарықтан ығыстырып шығарып, толығымен ID Net-пен ауыстырады дейді. Бұл рас па? Өте өкінішті болар еді.

Қ.Е:

Сәлеметсіз бе, Нариман! Megaline-ді телекоммуникация қызметі  нарығынан шығарып тастау туралы жоспарымыз жоқ.  iDNet –бұл Интернетке оптикалық байланыс желісі арқылы қосылу, оны дамыту  КЖҚ нарығындағы едәуір елеулі тенденциялардың бірі болып табылады. Бүгінде  оптикалық талшық  берілетін трафик көлемі мен көрсетілетін қызмет сапасы жағынан баламасы жоқ қызмет түрі. Оптиканың ьағы бір артықшылығы–біздің клиенттерімізге кешенді қызмет топтамасын ұсыну мүмкіндігі.Megalineнан ауыстырып қосу тегін жүргізіледі, сондай-ақ Wi-Fi  клиенттік қондырғылары да тегін беріледі.

Кустанаец

Сәлеметсіз бе. Қолдау көрсету қызметінде  «бізде бәрі  дұрыс жұмыс істеп тұр, ақау сіздің тарапыңыздан болуы мүмкін»  деген сияқты терминдерді жаттап алған «әжейлер» емес, нағыз кәсіпқойлар қашан жұмыс істейтін болады. Рахмет.

Қ.Е:

Сәлеметсіз бе! Жастық  кәсіпқойлық пен біліктіліктің  кепілі емес деп ойлаймын, оның үстіне Қолдау көрсету қызметінде түрлі жастағы мамандар қызмет атқарады. Компанияда қызметкерлерді оқыту бағдарламасы әзірленіп, жұмыс істеп тұр,  сонымен қатар   Контакт-орталықтар мен  Help-Desk-де қызмет көрсетуга арналған сұраныстар түрлері нақты реттелген, қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жүйесі жолға қойылған. Егер Сіз өз мәліметтеріңізді қалдырсаңыз, біз нақты қызметкердің жұмысына талдау жасап, орын алған нақты оқиғаны тексере аламыз.

LauraApsattar

Саламатсыз ба!   Менде мынадай сауал бар! «Қазақтелекомға» қалай жұмысқа  тұруға болады?   Сіздердегі  бос қызмет орындары ешқандай  сайтта жарияланбайды. Жарияланса да,  ешқандай конкурс болмайды!

 

К.Е:

Егер   кәсіптік білімі  мен дағдылары компания   қоятын  талаптарға   жауап берсе,  кез-келген  адам «Қазақтелекомға»  бос қызмет орынға тұра алады.   Бос қызмет орындар  біздің сайтта  жарияланады.    Біздің  компанияда   ашық іріктеу жүргізіледі деп санаймын.  Бос  орын болса және  Сіздің   біліктілігініңіз  біздің талаптарға жауап берсе, Сізді  әңгімелесуге  шақырамыз, және    одан кейін    кәсіптік және  психологиялық  тестілеу тапсырасыз.

 

Тұрсын

«Сетанта спорт»  арнасын  ID TV-ға  қайта қосу жоспарлануда ма?

 

К.Е:

Саламатсыз ба, Тұрсын. Құқыққа иелік етуші компанияның шарттары өзгерген жағдайда, "Сетанта спорт"  телеарнасы   қайта қосылуы мүмкін.

 

Нұрлыбек

Саламатсыз ба! Банк секторындағы компаниялар мен  қаржы ұйымдары  Сіздердің дата-орталықтарыңыздың жұмыстарына сенім артады ма? Олардың  қызметтерін  пайдаланады ма?

 

К.Е:

Саламатсыз  ба, Нұрлыбек! Бүгінде біздің дата-орталықтардың  қызметтерін  "Хоум Кредит энд Финанс Банк"  АҚ еншілес  банкі,   «Қазақстанның Даму банкі» АҚ,  "Первое Кредитное Бюро" ЖШС сияқты    компаниялар   пайдаланады.    «Қазақтелекомның»  дата-орталықтары  тәулік бойы мониторинг  жасау, серверлер мен  байланыс арналарын  бақылау,   мәліметтердің резервтік көшірмесін  жасау және  қорғау,  кепілдендірілген электроқоректендіру және   ауа баптау,   өрт  сөндіру және  климат-бақылау жүйелерімен   жарақталған.

 

Zhanat

Қуанышбек Бақытбекұлы, кеш жарық.   Менің   ұсынысым бар. Қазір  дүниежүзі бойынша  қауіпсіздік  шараларына көп  назар аударылуда, оның себептері  де жоқ  емес. Тұрғындарға өз аулалары мен  кіреберістерінде орналасқан  бейнекамералардан iD TV арқылы  мәліметтер    алу  қызметін ұсынуға болады.  Абонент    өз ауласындағы жағдайды  өзі бақылай алады, балаларын,  автокөлігін, қарап тұрады,   барлық мәліметті  ІІБ,  ТЖМ, т.б.  қызметтерге беруге де болады.  Мұндай жүйе   «Қазақтелекомға» тек күшейтеді.

Қ.Е:

Саламатсыз ба, Жанат! Біз  қазір «Ақылды үй» деп аталатын   осындай  қызмет көрсетудің  жолдарын  зерттеп жатырмыз,   Тек теледидар арқылы ғана емес, браузер,  мобильдік құрылғы арқылы да   бейнекамераға қосылу мүмкіндігі  қарастырылуда. Әзірге  тестілеу жүргізілуде, соның нәтижесі бойынша  шешім қабылданбақ.

 

Мұрат

Қайырлы күн! ТВ  арқылы «Қазақтелекомның»   Астана әкімдігімен бірлесіп    «Ақылды қала» жүйесін қолға алғаны  хабарланды.  Ол қандай  жоба және  қарапайым қала тұрғындарына ол жүйе  не береді?

 

Қ.Е:

«Ақылды үй» жобасы   заманауи ақпараттық коммуникацияларға негізделген жоба.  Ол елорда тұрғындары мен  қонақтарының тұрмысын жеңілдетуге,  жақсы жағдай жасауға бағытталған. Ең алдымен, бұл көшелерді,   үйлердің аулаларында, қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз  ету.  Бейнекамералардың және  жедел  шақыру нүктелерінің көмегімен жасалады.  Шұғыл шақыру нүктелерін  анықтам а қызметі ретінде де қолдануға болады.

 

Сергей

Саламатсыз  ба!
Megaline-ның  барлық   тарифтік жоспарында  әділ,  жүз  пайыздық  лимитсіздік болатын  күн  болады ма?   Әдетте «сыртқы»   ресурсқа  шыға қалсаң болды,  жылдамдық  төмендеп шыға келеді.   КТ  жоғарыдағы провайдерлерге тек арнаның  ені үшін  ғана  төлейтінін бәріміз білеміз.   Ал ол  арна арқылы қолданушылардың қанша трафик  «айдайтынына»  тіпті қарамайды.

Құрметпен,  Сергей.

К.Е:

Саламатсыз ба, Сергей.

Сыртқы  ресурстарға  лимитсіз қосылудың мүмкіндігі   бүгінгі таңда   "SuperHit" пакеттік  қызметтері,  "iDNet"    қызметтері мен "MegalineDrive" тарифі бойынша  берілуде.  Биылғы  жазда біз  "MegalineStart"  тарифінен басқа  барлық Megaline пакеттері  арқылы ұсындық және  арналарға түсетін  салмақтарға мониторинг жүргіздік.     Бұл  жазғы акцияны      жаппай   лимитсіздікке ауысудың  «дайындығы» деп санауға болады.

 

Серік

Саламатсыз! Компанияның   құнын ұлғайту үшін    қандай жоспарларыңыз  бар?

 

Қ.Е:

Қайырлы күн, Серік!

Жақын  арада  LTE желісінің қызметтерін   дамытудың есебінен   мобильдік  байланыс нарығында  үлкен серпіліс болмақ.   Жылдың соңына дейін  Астана  мен Алматының серіктес  қалаларында  - Қаскелең,  Есік, Талғар, Бурабай,  Щучинск қалаларында  LTE 4G   желісі   коммерциялық    негізде іске қосылады.  Сондай –ақ

2013    жылдың соңына дейін  ALTEL 4G қызметтері  Атырау,  Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе  қалаларында,  2014  жылдың  аяғына дейін      еліміздің барлық   облыс орталықтарына  іске  қосылады.   Оған қоса, Дата-орталықтардың негізінде Интернетке кең жолақты қосылу және ИКТ-сервистерді  дамыту қызметтері күшейтілуде.

 

Руслан

Саламатсыз  ба, ҚуанышбекБахытбекович! 
Зорлық-зомбылықты насихаттайтын,  басқа да зиянды сайттарға   сенімді  тосқауыл қоя отырып, «Балалар интернеті»  қызметін  ұсынсаңыздар?   Мүмкін,  бұл мәселені талқылауға шығару керек  шығар.  Және  бұл  қызметтің   бағасы әлдеқайда  арзандау болса, тіптен дұрыс болар еді.  Рахмет.  Жұмысыңызға сәттілік тілеймін.

 

Қ.Е:

Қайырлы күн, Руслан!  «Қазақтелеком»   осындай  жобаны зерттеп жатыр.  2014  жылдан  бастап  коммерциялық    негізде іске қосылмақ.

 

ТазабековӘлижан

Саламатсыз да,  құрметті Қуанышбек Бақытбекұлы? 
Өзіңіз   жақсы көріп оқитын 10 кітабыңыз туралы айтып берсеңіз.  Тағы бір сауал:  кадр дайындау мәселесінде КТ   үздік  компания  саналады, бұл  жетістікке қалай  қол жеткіздіңіздер? Мен  модем-сағат,   виртуальды   көзәйнек сияқты технологиялармен жұмыс істеймін.  Осы  технологиялармен айналысуға  қалайсыз?

 

Қ.Е:

Әлижан, саламатсыз ба!
Бала кезімнен    көп оқимын.  Қазіргі менің  үстелімнен түспейтін  кітаптар: Джим Коллинз «От хорошего к великому», Марк Вилкокс және  Йонас Ридерстрале «Корпорация. Перезагрузка. Как лидеры управляют изменениями», КьеллНордстрем және  Йонас Риддерстрале «Бизнес в стиле фанк», Джеймс Клавелл «Шамал», Джон Коттер «Лидерство Мацуситы», Дэвид Митчелл «Литературный призрак», «Облачный атлас», Айн Рэнд «Атлант расправил плечи» және т.б.

Компания жұмысының  негізгі  ресурсытары  адамдар  екенін  біз жақсы түсінеміз  және  кадр дайындау мәселесіне  үлкен назар аударып  отырмыз.   Біздің филиалымыз – «Ақпараттық-коммуникациялық   технологиялар  академиясы» дирекциясының  көмегімен қызметкерлеріміздің арасында тұрақты оқулар  өткізіп тұрамыз. «Кадрлық  резерв»  жобамыз ТОП-50)2013   жылы   «Үздік HR-жоба»аталымында   жеңіске жетті.  Оған  қоса,  әлемдік   жетекші  компаниялармен  тәжірибе  алмасу  ісі де жолға қойылған.

 

Эмир Адимолдаев

Саламатсыз ба!

Біздің  тұрғын үй кешенінің тұрындары   «Қазақтелекомның»  қызметін неліктен  тікелей тұтына алмайды.  Үйішілік желілерге  иелік  етуші-сымақ  арағайын-компаниялар   «Мегалайн»   пакеттеріне қосылу  жөніндегі  қызметтер ұсына алмайды  және  сәйкесінше  Қазақстан  бойынша қоңырауларға  ақы алады.     Яғни,  біздер, ҚР азаматтары   өз елімізде   сортқа бөлінетін болып тұрмыз  ңой, сонда?!   Сіздердің компанияларыңызға  бірнеше рет    хат жаздым, бірақ  әлі  жауар келген жоқ.  Мүмкін,  осы мәселені өзіңіз  шешіп берерсіз.  Рахмет.

 

Қ.Е:

Құрметті Эмир, өкінішке орай,   үйішілік желілерге  басқа  байланыс операторлары иелік ететін  тұрғын үй кешендерінде, өкінішке орай,   «Қазақтелеком»  тек     солоператордың келісімімен  ғана  қызмет көрсете  алады.   Біз  келіссөздер  жүргізіп,   тұрғындарға «Қазақтелеком»  қызметтерін   жеткізу үшін  операторларға түрлі ынтымақтастық жолдарын  ұсынып жатырмыз,  бірақ, өкінішке орай,         көбіне нәтиже болмай  жатады.  «Қазақтелеком»  сіздердің үйлеріңіздегі екінші байланыс операторы болуы үшін,  Сіздер   үйішілік  желінің иелеріне жүгінулеріңіз керек.  Тағы бір   жолы  - «Қазақтелеком» Сіздерге сымсыз  байланыс  қызметтерін  ұсына алады.

24 сентября 2013, 17:59
1194

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания Казахтелеком

Сотрудники:

Поклонники (118):

Tengry
dev
Sabine
Supra0991
Khussainov
xhawk
nobody_cares
Daulet80
drugoi
Straschnik
Soulfriend
TIGERya
user100000129454446
usermail1425921656694928705
IgrokAza
uservk186727657
ntaskinbayev
Aijanm
yertayevna
GULI93
sboy
Jahar
Mr_Bean
Ramilkina
a-ha317
zhoze
Weter
elyamel
Danat
eBek
Inkantatem
uservk157906197
smerch
LifeProduction
divergent
janka_u
alexart
JozeRkz
aica_kz
uservk182189156
usermail16921355016841599519
shynar1991
Alisher26
Renovatio
ftw
Rake017
uservk8694940
cdima
Ashon5
kuttybayev
potrebitelkz
konurov
zausdn
ssimple
Khayman
uservk170818347
madenov
cofia07
mussatayeva
uservk22310521
Stalwart
71va
usermail1073870098154654075
karagandypalata
kazybek
Email
ashirkin
darya-daka
danik_akpan
tape
VitosRu
NaimanS
SKYFALL
yavolonterkz
in4
Vins
skynet2108
unihost
COR
nurzhausin
user100003699656719
Mr_Semsk
sxodim
satel
askerkanov
kuatmus
FrozenKing
ComputerworldKZ
DaRoni
NETCONNECT
engine
BuzikTV
s8vx
uservk80676468
nurbekseller
yuliya1987
uservk224825977
irover
gnn3
uaz
it_journalist_sdu
szhumagulov
dadgsipk
SovetVeteranov
medinarebrova
msh
laila198750
usermail315370480712007854
BeYnekz
usermail4965683541042127324
ka1sar
Oryngul
Oskemen_Telecom
aldabergen
miraman
ingineer
mirasbek_76
AYACOM